АҚШ пен тәліптер бейбіт келісімге қол жеткізді

16.02.2020, 03:00

4

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі 14 ақпанда АҚШ пен тәліптердің бейбіт келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, келісім жақын арада күшіне енуі тиіс және ақыры АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кетуі мүмкін. «Күш қолданбау туралы жетікүндік» алғашқы келісім күшіне енген күннен бастап он күн өткен соң Ауғанстанда жалпыұлттық бейбіт келіссөз басталады деді АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі.

Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, қорғаныс министрі Марк Эспер және Ауғанстанның президенті Ашраф Ғани Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесті. Politico басылымының жазуынша, АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы уәкілі Залмай Халилзада мен тәліптердің Дохадағы өкілі келісімнің соңғы детальдарын талқылап, келіскен.

Американың ресми өкілдері АҚШ билігі тәліптердің қысымына төтеп бере алмай, олардың талаптарына келісті деген сыбысты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Трамп Ауғанстаннан Америка әскерін алып кетуге келіскенмен тәліптердің АҚШ әскеріне шабуылынан кейін алдыңғы келісімге соңғы сәтте қол қоймай қойған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34