АҚШ Қытайдың Хьюстондағы консулдығын жабады

23.07.2020, 02:59

18

АҚШ Пекиннен Қытайдың Хьюстондағы (Техас штаты) консулдығын жабуды талап етті.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Морган Ортагус «америкалық зияткерлік меншік пен жеке ақпаратты қорғау» мақсатында осындай қадам жасалып отырғанын айтты. Ол сонымен бірге дипломаттардың өздері орналасқан елдің ішкі ісіне араласуына құқығы жоқ екенін еске салды.

Қытай билігі Америка билігінің әрекетін айыптап, бұл екі ел арасындағы жағдайды әрі қарай ушықтырады деді. Қытайдың сыртқы істер министрлігі бұған «жауап беретінін» ескертті. Қытай билігі америкалық консулдықтардың бірін жабуы мүмкін. Пекиндегі елшілікті есептемегенде құрлықтық Қытайда Американың бес консулдығы бар.

АҚШ Қытай дипломаттарына 24 шілде түске дейін ғимаратты босатуға уақыт берді. Сәрсенбі күні консулдық аумағында өрт болған, алайда ол жаққа өрт сөндірушілерді кіргізбеген. Кейбір ақпарат бойынша, консулдық қызметкерлері қағаздарды өртеген, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

АҚШ Қытайды өнеркәсіптік тыңшылық жасады және зияткерлік меншік ұрлады деп бірнеше рет айыптаған. Бұған қоса, АҚШ өкілдері Қытайды коронавирус туралы шындықты жасырды, Шыңжаң мен Гонконгте азаматтардың құқығын бұзды деп айыптағаннан кейін екі ел арасында жағдай ушыға түскен. Хьюстондағы консулдықты жабу туралы шешімнің нақты қандай оқиғамен байланысты екені белгісіз.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27