АҚШ Қытайдың "мемлекеттік қолдауға ие" технологияларына қарсы күресті күшейтпек

06.08.2020, 09:29

44

5 тамыз күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ-тың қытайлық мобильді қосымшалар мен телекоммуникациялық қызметтерді тыюға талпыныс жасайтынын мәлімдеді. Ол Қытайдың «мемлекет қолдауына ие» технологиялары АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мен азаматтарының жеке деректеріне қатер төндіреді деді.

Мемлекеттік хатшының бұл мәлімдемесі екі ел арасындағы қарым-қатынас қиындап бара жатқан тұста айтылды.

Помпео АҚШ-тың Tiktok және WeChat секілді «сенімсіз» қытайлық технологияларды америкалық мобильді қосымша дүкендерінен алып тастайынын, ал америкалық мобильді қосымшалардың қытайлық телефондарға алдын ала орнатылуын тыятынын айтты.

Бас дипломат сондай-ақ Қытайдың бұлтты қызмет (сайттарға мен қолданушыларға Интернет арқылы сервер қызметін ұсыну – ред.) провайдерлеріне АҚШ территориясында мәлімет жинауға, сақтауға және пайдалануға тыйым салынатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ Қытайдың телекоммуникация қызметін көрсететін төрт провайдерінің лицензиясын «жоймақ» және "Қытай үкіметінің қолдауына ие" суасты кабелі жүйесінің провайдерлеріне елдерді Интернетке қосуына кедергі жасамақ.

Осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздікке сілтеп қытайлық TikTok мобильді қосымшасына шүйлікті. 31 шілде күні Трамп танымалдығы күн сайын артып бара жатқан TikTok қосымшасына тыйым салуға шақырды. Көп ұзамай ол америкалық Microsoft компаниясына қосымшаны 15 қыркүйекке дейін сатып алуға мүмкіндік беретінін айтты.

  • TikTok Пекиндегі ByteDance компаниясына тиесілі. Түрлі эффектілермен әрленген 15-60 секундтық шағын видеоны бөлісуге арналған TikTok әлеуметтік желісі алғаш 2016 жылы Douyin деген атаумен Қытайда таралған. Кейіннен сыртқы нарыққа шықты. 2018 жылы Muscial.ly компаниясымен қосылған соң әлемде жылдам тарала бастады. Қазір оның 1,5 миллиардқа жуық қолданушысы бар. Интернет қолданушысы желіге тіркелерде жеке басының мәліметін енгізуі керек.

  • 4 тамыз күні Қытай АҚШ-ты TikTok желісіне "қысым жасап отыр" деп айыптады.

  • 2019 жылы қарашада TikTok желісі Қытайдағы мұсылмандарды қуғындау жайлы видеоны жойғанына кешірім сұрады. Роликте 17 жастағы блогер Фероза Әзиз кірпік ұзарту жайында айта келе, Қытайдағы мұсылмандардың жағдайына ойысады, оны Холокостпен теңестірген. Видеоролик жойылмай тұрғанда екі миллионнан астам рет көрілген.
<a class=«img-wrap img-wrap--size-3 also-read__img» href="/a/tiktok-user-data-and-what-does-the-app-collect/30748721.html" title=«АҚШ „TikTok Қытаймен ақпарат бөліседі“ деп күдіктенеді. Қазақстан бұған қосыла ма?»> Көрнекі сурет. <a href="/a/tiktok-user-data-and-what-does-the-app-collect/30748721.html" title=«АҚШ „TikTok Қытаймен ақпарат бөліседі“ деп күдіктенеді. Қазақстан бұған қосыла ма?»> ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АҚШ «TikTok Қытаймен ақпарат бөліседі» деп күдіктенеді. Қазақстан бұған қосыла ма?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42