АҚШ Рамзан Қадыровқа жаңа санкция салды

21.07.2020, 20:59

38

АҚШ мемлекеттік департаменті Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жаңадан санкция салды. Шектеу шаралары Қадыровтың адам құқығын өрескел бұзу фактілеріне атсалысқанымен байланысты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдемесінде АҚШ-та Қадыровтың көптеген адам құқығын өрескел бұзу фактілеріне жауапты екенін дәлелдейтін айғақтар бары жазылған.

Қадыровтың әйелі Медни Қадырова мен қыздары Айшат пен Карина Қадыроваға да санкцияның қатысы бар. АҚШ мемлекеттік департаменттің ұстанымымен келісетін өзге мемлекеттерді де осыған ұқсас шара қабылдауға үндеді. Санкция Қадыров пен отбасының АҚШ аумағына кіруіне, іскерлік байланыс орнатуына тыйым салады, АҚШ аумағындағы активтерін бұғаттауды қарастырады. Бұған дейін Қадыровқа экономикалық санкция енгізілген.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесіне жауап берген Рамзан Қадыров Telegram-арнасында пулеметтермен түскен суретін жариялап «Помпео, ұрысқа дайынбыз! Әрі қарай қызығырақ бола түседі!» деп жазды.

Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Facebook-тағы парақшасында «дәл солар сияқты жауап беру қиын, бірақ бір амалын табармыз» деп жазды.

АҚШ бұған дейін Қадыров пен оның бірнеше әріптесіне экономикалық санкция салған. 2018 жылы АҚШ және 15 мемлекет ЕҚЫҰ-ның Мәскеу механизм әдісін қолдана отырып, ЕҚЫҰ-ға ақпарат құралдарында жарияланған фактілерді тексеретін арнайы орган құруды ұсынған. Ол кезде ЛГБТ-қауымдастықтары, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз БАҚ өкілдерінің құқығын бұзу оқиғаларына қатысты санкция салынды.

Белсенділер мен құқық қорғау органдары осыған ұқсас құқықбұзушылықтарға жиі назар аударады.

Шешенстан басшысын сынап жүрген екі шешен блогері биыл қаза болды: ақпан айында Францияның Лилль қаласында блогер Имран Әлиевтің денесі табылды, шілде айында Австрияның Герасфорд қаласында блогер Мамихан Омаровты атып кетті. Омаров Рамзан Қадыровты сынап, Еуропада шешендердің өлімі мен қудалануына Ресейдің арнайы қызмет өкілдері жауапты деп мәлімдеген. Олардың өліміне күдікті ретінде Шешенстанның екі азаматы Сарали Ақтаев және Салман Магамадов ұсталды.

26 ақпанда Швецияда оппозициялық шешен блогері Тумсо Әбдірахмановқа шабуыл жасалды. Былтыр наурыз айында Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов Әбдірахмановтан "қанды кек" алатынын мәлімдеген.

Шешенстанда гейлер мен лезбилердің жағдайы әлі күрделі. Олар жиі жоғалады, көбі үреймен өмір сүреді. «Ресейлік ЛГБТ-желісінің» мәліметінше, 2019 жылы республикада 50-ден астам адам өлтірілген не жоғалған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16