АҚШ: Ресей спутникті жоятын қаруды сынақтан өткізді

24.07.2020, 20:17

15

Мәскеу ғарышта спутникті жоятын қаруды сынақтан өткізді. Ұлыбритания және АҚШ-тың қорғаныс ведомствосы 23 шілдеде осылай деп мәлімдеді.

15 шілдеде Ресейдің қорғаныс министрлігі қадағалаушы жаңа спутникті сынақтан өткізетінін хабарлаған еді. Америка тарабының мәліметінше, аппаратпен бірге орбитаға тағы бір ресейлік спутник шығарылған. Пентагон мұндай әрекет қадағалаушы спутниктің миссиясына сәйкес келмейді деп санайды. АҚШ-тың ғарыш саласы басшылығының мәлімдемесіне сәйкес, Вашингтонда ресейлік қарудың ғарышта сынақтан өткізілгенін дәлелдейтін айғақтар бар. Пентагонның пікірінше, бұл Ресейдің ғарышта қару жүйесін дамытып, сынақтан өткізуді жалғастырып жатқанынан хабар береді.

Ұлыбританияның мәлімдеуінше, Ресей бір спутниктен екіншісіне қарай снаряд жіберген. Оның қалдықтары өзге елдердің маңызды ғарыш жүйесі мен спутниктеріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Лондон Мәскеуді мұндай сынақ жүргізбеуге шақырды.

Британдық BBC сайтының хабарлауынша, соңғы он жылда тек төрт мемлекет: Ресей, АҚШ, Қытай және Үндістан спутникті жоятын жүйелерін көрсеткен. Ғарыш аппараттары ақпарат жинау, байланыс, навигация, радиолокация мақсатында қолданылып жатқан тұста әлем елдері мұндай қару түрлеріне қызыға бастаған.

Ресейдің қорғаныс министрлігі АҚШ пен Ұлыбританияның мәлімдемесіне байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Мәскеу ғарышта халықаралық құқық нормаларына сәйкес жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39