АҚШ сенаты Ресейдің Америкадағы президент сайлауына араласқаны жайлы есебін жариялады

10.10.2019, 02:00

7

АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті Ресейдің америкалықтар пікіріне ықпал ету мақсатында әлеуметтік желілерді пайдаланғаны туралы есеп жариялады. Есеп авторларының пікірінше, Кремль қолдауымен жұмыс істеген «тролльдер фабрикасы» Дональд Трамптың танымалдығын арттырып, қарсыласы Хиллари Клинтонның беделін түсіруді көздеген. Сенат жариялаған есеп АҚШ арнайы қызмет өкілдерінің осы мәселе бойынша жариялаған қорытынды есебімен сәйкес келеді.

АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті әзірлеген есепте ресейлік «Интернет-зерттеу агенттігі» атқарған «жұмыс» әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан ірі ақпараттық соғыстың бір бөлігі ретінде сипатталады. Оның бастамашылары Америка қоғамын ыдыратуды көздеген.

Штаб-пәтері Санкт-Петербургте орналасқан, «Тролльдер фабрикасы» деген атпен белгілі «Интернет-зерттеулер агенттігі» Кремльмен жақын байланысы бар ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожинге тиесілі. Арнайы прокурорРоберт Мюллер де Ресейдің 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы туралы қорытынды есебінде осы агенттікті бірнеше рет атап өткен. АҚШ «тролльдер фабрикасымен» байланысты бірнеше заңды және жеке тұлғаға (арасында Пригожин де бар) санкция салған.

Бұған дейін Трамп пен оның жақтастары сайлау алдында Ресей билігімен ымыраласпағанын айтқан.

Оқи отырыңыз: «Ресейдің сайлауда жеңуіме көмектескеніне менің қатысым жоқ»

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27