АҚШ сенатының талқылауында тараптар импичмент процедурасы туралы дауласты

23.01.2020, 03:00

27

21 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау ісі бойынша сенат талқылауы даудан басталды. Тараптар айыптаушы ретінде сөйлеген өкілдер палатасы мүшелеріне берілген уақыт пен мүмкіндік, куәларды шақыру, дәлелдерді көрсету мәселесі бойынша дауласып қалды. Басым көпшілігі республикашылдардан құралған сенататорлар демократтардың үш түрлі ұсынысын қабылдатпай тастады.

Трампқа билікті асыра пайдаланды және конгрестің жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылған. Алғашқы пікірталас кезінде Трамп заңгерлері істі «негізсіз» деп атады. Ал демократ жетекшілері «заңның бұзылғаны анық» деді.

Республикашылдардың жетекшісі Митч Макконнелл конгрестің жоғары палатасындағы талқылауда тараптарға «тең жағдай» жасалады деп мәлімдеді. Ол өкілдер палатасының импичмент процесін "әділетсіз" жүргізгенін мәлімдеп, бұл іс бойынша "үстірттік танытты" деді.

Сенаттағы демократ жетекшілері Макконнелл ұсынған процедураны өткір сынап, республикашылдар "істі жабулы қазан жабулы күйде қалдыруға тырысып жатыр" деп сынады.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28