АҚШ Шыңжаңдағы қысымға байланысты тағы 11 қытайлық компанияға санкция салды

21.07.2020, 20:59

43

АҚШ Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге де мұсылмандарды қудалауға атсалысқан тағы 11 қытайлық компанияға санкция салды. АҚШ-тың сауда департаменті 20 шілдеде бұл компаниялардың Шыңжаңда ұйғыр, қазақ, қырғыз, тәжік, дүнгендерді мәжбүрлеп жұмыс істетуге араласқанын айтты. Санкция салынған компаниялар мата, технология өндірумен айналысқан. Олардың арасында генетикалық талдаумен шұғылданған екі фирма да бар.

Қытай әзірге бұған байланысты түсініктеме бермеді.

Шыңжаңдағы қазақтар мен ұйғырлардың қысым көріп, лагерьге қамалып жатқаны туралы алғашқы ақпарат 2017 жылы көктемде тарай бастаған. БҰҰ мен адам құқығын қорғау ұйымдары Қытай билігі Шыңжаңдағы миллионға жуық этникалық ұйғыр мен өзге де түркітілдес ұлт өкілдерін елдің солтүстік-батысындағы «саяси тәрбие лагерьлерінде» ұстап отырғаны туралы мәлімдеген.

Басында мұндай ақпаратты терістеген Пекин кейін оны «экстремизмге қарсы шара» деп түсіндірген және саяси лагерьлерді «тіл үйреніп, кәсіпке баулитын орталықтар» деп атаған.

Маусым айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы қудалауға атсалысқан Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктеріне санкция салуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Оқи отырыңыз: Трамп Шыңжаңдағы қысым үшін Қытайға санкция салатын заңға қол қойды. Заңның ерекшелігі неде?

Қытай билігі ұйғырлар мен мұсылмандарға қысым көрсетті деген айыпты жоққа шығарып, АҚШ-тың аталмыш заңы Шыңжаңдағы адам құқығының жағдайын жаман етіп көрсетті және бұл Қытайға қарсы шабуыл деп мәлімдеген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36