АҚШ Сирияға әскер кіргізген Түркияға санкция салды

15.10.2019, 14:00

3

АҚШ Сирияның солтүстігінде әскери операцияға кіріскен Түркияның қорғаныс министрлігі мен энергетика министрлігіне және осы екі министрліктің басшыларына санкция салды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдемесіне қарағанда, президент Дональд Трамп қол қойған жарлық бойынша қаржы министрлігі мен мемлекеттік департамент Сирияның солтүстігіндегі тұрақтылық пен бейбіт өмірге нұқсан келтіруге қатысы бар Түркияның кез келген мемлекеттік құрылымы мен жеке тұлғаларына санкция сала алады.

Помпеоның мәлімдемесінде өткен аптада күрдтерге қарсы басталған Түркияның әскери операциясы терроризммен күреске нұқсан келтіріп, Сириядағы бейбіт адамдар өміріне қатер төндіретіні айтылған. АҚШ Түркиядан әскери операцияны дереу тоқтатуды талап етеді.

АҚШ президенті Сирияның солтүстігінен АҚШ әскерін шығару жайлы шешімін Twitter парақшасында ақтай сөйлеп, АҚШ Сириядағы міндетін орындағанын, сириялықтарды түрік әскерінен қорғау ниеті жоқтығын мәлімдеді.

Түркия Сирияның солтүстігінде бастаған әскери операциясын «өз шекарасын теророристерден қорғау» деп түсіндіреді.

Дүйсенбіде Сирия күрдтерінің жетекшілері Дамаск билігімен келісім жасасқаны белгілі болған еді. Осыдан кейін Башар Асад әскері Түркия шабуылынан қорғау үшін Сирияның күрдтер бақылауындағы бірнеше елді мекеніне кірген. Күрд жасақтарының жетекшілері келісімге амалсыздан барғанын мәлімдеген.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39