АҚШ-та 1963 жылғы әйгілі маршта Мартин Лютер Кингпен бір сахнада сөйлеген Джон Льюис қайтыс болды

18.07.2020, 20:59

38

АҚШ конгресмені, сегрегациямен күрес жетекшілерінің бірі Джон Льюис 81 жасында қайтыс болды. Льюис – Вашингтондағы 1963 жылғы танымал маршты ұйымдастырушылардың бірі. Сол марштан кейін ел билігі қоғамдық орындағы сегрегацияға тыйым салып, қара нәсілді азаматтардың сайлау құқығын ақ нәсілді азаматтардыкіне теңестіретін заң қабылдаған болатын.

Льюис 1940 жылы Алабама штаты Троя қаласында туған. Ол бала кезінен адам құқығы үшін күреске қызығушылық танытқан. Он жеті жасында қара нәсілділердің құқығын қорғауға арналған қозғалыс жетекшілерінің бірі Роза Паркспен, 18 жасында Мартин Лютер Кингпен кездескен. Студент кезінде ол сегрегацияға қарсы наразылық акцияларына қатысқан. Льюис сегрегация ережелеріне қарамастан ақ нәсілділерге арналған автобустарға мінген алғашқы белсенділердің бірі.

1963 жылы Льюис Вашингтондағы әйгілі марштың алты ұйымдастырушысының бірі болды. Ол күні 200-300 мың адам маршпен қала орталығындағы Линкольн мемориалына барған. Мартин Лютер Кинг «Менің арманым бар» деп басталатын сөзін сол жерде айтқан.Льюис адам құқығы үшін күреспен 1977 жылға дейін айналысты. Сол жылы ол үкіметке жұмысқа тұрды. Осыдан кейін ол сегіз жыл бойы Атланта қаласының депутаты болып, 1986 жылы Конгреске сайланды.

<img src=«gdb.rferl.org/805BA3DD-3956-45BA-9F6E-3489DAB91049_cx0_cy4_cw0_w100_r1.jpg» alt="«Менің даусым маңызды» деген жазу көтерген адам Мартин Лютер Кинг ескерткішінің алдында тұр. Вашингтон, 24 тамыз 2013 жыл."> <img data-src=«gdb.rferl.org/805BA3DD-3956-45BA-9F6E-3489DAB91049_cx0_cy4_cw0_w100_r1.jpg» alt="«Менің даусым маңызды» деген жазу көтерген адам Мартин Лютер Кинг ескерткішінің алдында тұр. Вашингтон, 24 тамыз 2013 жыл." /> ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Арманым бар»

Содан бері Льюис 16 рет қайта сайланған. Соның біреуінде ғана жинаған даусы 70 пайыздан төмен болған. 2008 жылы ол Барак Обаманы АҚШ президенттігіне үміткер болуға ұсынды. 2016 жылы Демократиялық партияға мүше жүз конгресменнің қару сату ережесін қаталдатуды талап еткен 25 сағаттық ереуілін ұйымдастырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26