АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды

23.03.2020, 18:07

29

АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Бір күн ішінде 112 адам инфекциядан қайтыс болды. Елде вирусты жұқтырғандар саны 32 мың адамға жетті. Осылайша АҚШ вирус көп табылған әлемдегі үшінші мемлекетке айналды. Нью-Йорк, Вашингтон және Калифорния тұрғындарынан вирус көп табылып жатыр. Эпидемия басталған уақыттан бері елде 400-ден астам адам көз жұмған.

АҚШ-та соңғы күндері вирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Бұл инфекцияның таралуымен қатар сынақтардың жиі өтіп жатқандығымен байланысты. Қазіргі кезде шамамен 200 мың Америка азаматы коронавирустан тексерілген. Президент Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс те тестен өткен. Олардан вирус табылмады. Коронавирус сенатор Рэнд Полд мен екі конгрессменнен анықталды.

Жексенбі, 22 наурызда Ақ үй баспасөз хатшысы Вашингтон штатын "ірі апат аймағы" деп тану туралы мәлімдеме таратты. Дональд Трамп штаттар мен муниципалитеттерге коронавируспен күрес бойынша көмек көрсетуді тапсырды.

«Америка дауысы» сайтының жазуынша, АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) короонавирусты 45 минуттың ішінде анықтайтын алғашқы жылдам тестті мақұлдаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36