АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталады

16.03.2020, 22:55

3

16 наурызда АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина сынағы басталады. Бұл туралы АҚШ үкіметіне сілтей отырып, «Америка дауысы» хабарлады.

Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Health Research зерттеу орталығында өтетін сынақты АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институттары қаржыландырады.

Сынақ 18 бен 55 жас аралығындағы, өз еркімен келісім берген 45 сау адамға жасалады. Оларға ұлттық денсаулық сақтау институттары мен Moderna компаниясы жасаған препараттардың әртүрлі дозасы егіледі. Еріктілерге ауру жұқпайды, өйткені препарат құрамында вирус жоқ. Тест мақсаты — вакцинаның қосымша салдары қандай екенін анықтау. Бастапқы сынақтан соң ауқымды сынақ басталады.

Сәуір айында Пенсильвания университеті мен Канзас-сити сынақ орталығында америкалық Inovio Pharmaceuticals компаниясының коронавирусқа қарсы жасаған вакцинасы сыналуы мүмкін. Бұл сынаққа да ондаған ерікті адам тартылады.

Қазір әлемде ондаған зерттеу институты коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасаумен шұғылданып жатыр. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина кем дегенде алты айдан соң пайда болуы мүмкін деген еді. Алайда ақпан айының соңында Қытайдың Ресейдегі консулы вакцина қазірдің өзінде дайын екенін, бірақ қосымша тексеріс қажеттігін мәлімдеген.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34