АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағы ғалымдардың оң бағасын алды

16.07.2020, 02:59

3

Америкалық Moderna компаниясының COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинасының сынағына қатысқан еріктілердің бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болған. Сынақ нәтижесі New England Journal of Medicine жарияланды. Бұл туралы «Америка дауысы» радиосы хабарлады.

Сынақ 16 наурызда басталған еді. Оған 18-55 жас аралығындағы дертке шалдықпаған 45 ерікті қатысты. Зерттеу қорытындысы еріктілердің ағзасында коронавирус инфекциясын жоятын антидене молекулалары пайда болғанын көрсетті. Олардың көлемі коронавирустан жазылып шыққан адамдардың бойындағы антидене көлемімен бірдей болған.

Вакцина араға бір ай салып екі рет егіледі. Адамға қауіп төндіретіндей салдары байқалмаған. Алайда сынақ қатысушыларының жартысынан астамы қалжырау, бас ауруы, қалтырау, дене қызуы және бұлшықет ауруы болғанын айтқан. Үш еріктіге вакцинаның ең ауыр мөлшерін салған. Оларда бұл реакциялар қаттырақ байқалған. Ең ауыр мөлшер сынақтан алынды және енді пайдаланылмайды. Еріктілердің сөзінше, вакцина реакциясы коронавирус симптомдарына ұқсайды, бірақ тек уақытша болады.

«Вакцина егілген соң бірден белгі беріп, бір күнге созылады» деді ғалымдар.

Moderna компаниясының бас директоры Стефан Бансель «зерттеу нәтижесі үміт сыйлап отыр. Бұл – біздің COVID-19 ауруына қарсы mRNA-1273 екпесінің клиникалық әзірленуіндегі маңызды қадам» деді.

Moderna кең ауқымды сынақты 27 шілде бастамақ. Сынақтың үшінші кезеңіне 30 мың адам қатысады. Ғалымдардың сөзінше, үшінші әрі шешуші кезеңде вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі тексеріледі. Зерттеу нәтижесі келесі жылдың басына қарай белгілі болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34