АҚШ-та ресейлік жасанды тыныс алу аппараттарын қолданудан бас тартты

13.05.2020, 14:54

50

Америка Құрама Штатының билігі Ресейден әкелінген «Авента-М» маркалы жасанды тыныс алу аппараттарын қайтарып жатыр. Аппараттар қолданылмаған, қоймаларда құр жатқан. Бұл туралы АҚШ-тағы төтенше жағдайды реттеу жөніндегі федералдық агенттікке (FEMA) сілтеме жасаған BuzzFeed хабарлады.

Соңғы аптада Ресейде коронавирус жұққандарды емдейтін екі ауруханада өрт болған. Мәскеу мен Санкт-Петербург ауруханаларында болған өрттен алты науқас қайтыс болды. Әзірге қолда бар ақпарат бойынша, өрттің шығуына «Авента-М» аппараттарында пайда болған ақау себеп болған.

Қауіпсіздік мақсатында Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттары ресейлік жасанды тыныс алу аппараттарын FEMA-ға қайтарып жатыр. Агенттік өкілдерінің айтуынша, Петербург ауруханасындағы өрттің себебі анықталғаннан кейін ресейлік аппараттар бойынша түбегейлі шешім қабылданады.

«Авента-М» аппараттары ресейлік Орал құрастыру зауытында (УПЗ) шығарылған. FEMA өкілі ТАСС агенттігіне аппараттардың сәуір айының басында АҚШ-қа жеткізілгенін растаған.

Құрамына Орал құрастыру зауыты кіретін радиоэлектронды технология корцерні (КРЭТ) «Авента-М» аппараттарының қажетті сынақтан өткенін және Ресейде 2012 жылдан бері медициналық мекемелерде қолданылғанын, бұған дейін ешқандай ақау шықпағанын айтқан.

Қазір жасанды тыныс алу аппараттарын АҚШ-қа жеткізу мәселесі де қызу талқыланып жатыр, себебі КРЭТ АҚШ санкциясына ілінген компаниялар тізімінде бар.

Ақпарат бойынша, жасанды тыныс алу аппараттары өзге жабдықтармен бірге штаттарға жеткізілген. Кремль оның гуманитарлық көмек ретінде берілгенін айтқан. Бұған дейін АҚШ-қа жеткізілген жүк тауарының басым бөлігіне ақша төленгені белгілі болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09