АҚШ-та журналистерге "құпия ақпарат таратқан" барлаушы қамалды

10.10.2019, 08:00

8

АҚШ прокуратурасы «журналистерге құпия дерек берді» деген айыппен барлау басқармасының қызметкері Генри Фризаны қамауға алды.

Айыптау тарабының айтуынша, барлаушы 2018-2019 жылдары белгілі бір мемлекеттің қарулану жүйесі туралы құпия деректерді журналистерге берген. АҚШ әділет министрлігі барлаушының нақты қай мемлекет туралы құпия дерек таратқанын айтпады. Дегенмен құпия ақпараттың кемінде сегіз жаңалықта қолданылғаны анықталған.

Айыптау қорытындысында Фриздің құпия ақпарат алған екі журналистің бірімен романтикалық қарым-қатынаста болғаны жазылған. АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы олардың телефон әңгімелерін тыңдап, Twitter-дегі жеке хабарламаларын оқып отырған.

Әділет министрлігі журналистер жайлы деректі де құпия сақтап отыр.

Генри Фриз АҚШ қорғаныс министрлігінің барлау басқармасында терроризммен күрес бөлімінде сарапшы болып жұмыс істеген. Ол 9 қазанда таңертең ұсталды. Егер кінәсі толық дәлелденсе, Фриз 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

АҚШ әділет министрлігі соңғы екі жылда алты адамды "құпия дерек таратты" деп айыптаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36