АҚШ-та журналистерге "құпия дерек берген" барлаушы қамалды

10.10.2019, 09:00

45

АҚШ прокуратурасы «журналистерге құпия дерек берді» деген айыппен барлау басқармасының қызметкері Генри Фризаны қамауға алды.

Айыптау тарабының айтуынша, барлаушы 2018-2019 жылдары белгілі бір мемлекеттің қарулану жүйесі туралы құпия деректерді журналистерге берген. АҚШ әділет министрлігі барлаушының нақты қай мемлекет туралы құпия дерек таратқанын айтпады. Құпия дерек кемінде сегіз жаңалықта қолданылғаны анықталған.

Айыптау қорытындысында Фриз құпия ақпарат алған екі журналистің бірімен романтикалық қарым-қатынаста болғаны жазылған. АҚШ-тың федералды тергеу бюросы олардың телефон әңгімелерін тыңдап, Twitter-дегі жеке хабарламаларын оқыған.

Әділет министрлігі журналистер жайлы деректі де құпия ұстап отыр.

Генри Фриз АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасының терроризммен күрес бөлімінде сарапшы болып жұмыс істеген. Тағылған айып дәлелденсе Фриз 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

АҚШ әділет министрлігі соңғы екі жылда "құпия дерек таратты" деп алты адамды айыптаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52