АҚШ-тағы кездесуде жарақаттанған ресейлік боксшы қайтыс болды

25.07.2019, 03:00

32

АҚШ-та кәсіпқой бокстан өткен жекпе-жекте жарақаттанған ресейлік Максим Дадашев ауруханадақайтыс болды. Дадашев 19 шілде күні Оксон-Хил қаласында IBF тұжырымы бойынша алғашқы жартылай салмақта әлем чемпионы атағына үміткер атану үшін пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездескен еді.

11-раундта Дадашевтің командасының өтініші бойынша жекпе-жек тоқтатылып, Матиас техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Кездесудің аяқталуына бір раунд қалған кезде Дадашевтің жағдайын байқаған бапкері Бадди Макгрит ресейлік боксшыны жекпе-жекті тоқтатуға көндірмекші болған. Дадашев жекпе-жекті соңына дейін жеткізуге тырысқан.

Кездесу аяқталған соң шешінетін бөлмеге бара жатқан Дадашев есінен танып қалып, оны шұғыл ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер спортшының бас сүйегіне трепанация жасаған. Кейін науқасты дәрінің көмегімен комаға түсірген. ТАСС агенттігі Дадашевтің жүрегі көтермеді деп хабарлады.

Матиаспен кездесуге дейін кәсіпқой бокста 13 кездесу өткізіп, ешбірінде жеңілмеген Дадашев он рет нокаутпен жеңіске жеткен. Оған дейін әуесқой бокстан Ресей чемпионатында бір рет күміс, екі мәрте қола жүлде алған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04