АҚШ-тан депортацияланған Мария Бутина Мәскеуге ұшып келді

27.10.2019, 16:00

3

АҚШ-та Ресей мүддесіне заңсыз лобби жасады деп айыпталып, бір жылдан астам түрмеде отырғанМария Бутина 26 қазанда Мәскеуге ұшып келді. АҚШ-тан депортацияланған Мария Бутинаны Шереметьево әуежайында әкесі, Ресей сыртқы істер министрлігі өкілдері және бірнеше мемлекеттік ақпарат құралының тілшілері қарсы алды.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова оны әуежайдан қалай қарсы алғаны туралы видеоны Twitter-дегі жеке парақшасында және министрлік парақшасында жариялады.

Америка заңнамасына сәйкес, Бутинаның он жыл бойы АҚШ-қа баруына тыйым салынған. АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі Бутинаның еліне оралуына байланысты түсініктеме берді.

«Бутина қылмыс жасады. Ол тұтқындалып, айғақтармен танысты, тағылған айыптарды мойындап, сотталды. Оның қандай заңды бұзғаны туралы мәлімдемесі мен кінәсін мойындайтыны туралы келісімі жарияланды. Әділ әрі ашық сот жүйесі осылай жұмыс істейді» деді елшілік Twitter-дегі парақшасында.

Ресейдегі «Право на оружие» қоғамдық ұйымын басқарған Бутина АҚШ-та 2018 жылы шілде айында ұсталған.

Оқи отырыңыз: АҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі

АҚШ құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бутина Кремль мүддесін қорғау үшін Республикалық партиядағы негізгі демеушілерге ықпал етпек болған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39