АҚШ Түркияны F-35 бағдарламасынан шығарып тастамақ

18.07.2019, 23:00

8

АҚШ Түркияны Ресейден С-400 зенитті зымыран кешенін сатып алғаны үшін америкалық F-35 радиолокацияға көрінбейтін жойғыш ұшағын сату бағдарламасынан шығаратынын мәлімдеді.

Ақ үй 17 шілде күні жариялаған мәлімдемеде Анкараның ресейлік әуе қорғанысы қаруын сатып алған соң «F-35 бағдарламасына ары қарай қатыса беруі мүмкін болмай қалатыны» жазылған.

Ақ үй Түркияның F-35 бағдарламасынан шығарылатынын анық айтпаса да, Пентагон бұл ақпаратты растады.

F-35 жойғыш ұшағы. Көрнекі сурет. /> F-35 жойғыш ұшағы. Көрнекі сурет.



— АҚШ пен өзге де F-35 [бағдарламасына қатысушы] әріптестер Түркияның бұл бағдарламаға қатысуын тоқтатып, ресми түрде шығарып тастау процедурасын бастау туралы шешімге тоқтады, — деді АҚШ-тың қорғаныс вице-министрі Эллен Лорд.

Түркия АҚШ-тың санкция салу туралы ескертуіне қарамастан 12 шілде күні С-400 кешенінің үш бөлігін, 13 шілдеде төртіншісін Ресейден қабылдап алған.

Анкара F-35 жойғыш ұшағының кейбір бөлшектерін жасап келген, Вашингтон енді басқа тапсырыс жеткізуші іздемек.

16 шілде күні президент Дональд Трамп С-400 сатып алған Түркияға ендігәрі F-35 сатылмайтынын айтқан.

АҚШ Түркияға экономикалық санкция салу-салмау туралы шешімін әлі жариялаған жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16