АҚШ-тың арнайы уәкілі Ауғанстандағы бейбітшілікті қолдау үшін бес елге сапарлайды

27.07.2020, 02:59

3

АҚШ Ауғанстандағы арнайы уәкілін Ауғанстандағы толық орнамаған бейбітшілікті нығайту үшін бес елге іс-сапармен жіберіп отыр. Мемлекеттік департаменттің 25 шілдедегі мәлімдемесінде АҚШ-тың Ауғанстандағы уәкілі Залмай Халилзад Дохаға, Исламабадқа, Кабулға, Ослоға және Софияға сапарлайды делінген.

Мәлімдемеге сәйкес, Доха мен Кабулда Халилзад Ауғанстанның ішкі келіссөздері алдындағы «мәселелерді шешумен» айналысады. Олардың қатарында тұтқындармен алмасу және зорлық-зомбылықты азайту мәселелері бар. Катар астанасы Доха АҚШ өкілдері мен «Талибан» қозғалысы өкілдерінің келіссөз жүргізетін орны ретінде қызмет етіп келеді. Ақпан айында АҚШ пен «Талибан» Кабулдағы үкімет пен содырлар арасындағы бейбітшілік келіссөздерін бастау жөнінде келесімге келді. Келіссөз жүргізудің негізгі шарты – тұтқындармен алмасу және зорлық-зомбылық деңгейін азайту.

«Талибан» содырлары Ауғанстанның жартысына жуық территориясын өз қолында ұстап отыр. Әскери шабуылдар АҚШ пен талибтер келісімге қол қойғаннан кейін де жалғасты.

Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде Халилзадтың Исламабадқа келіссөз жүргізгенде Пәкістанның қолдауына ие болу үшін баратыны айтылған. Ал Осло мен Софияда АҚШ уәкілі НАТО бойынша одақтас елдерге Ауғанстандағы бейбітшілік процесінің мән-жайын баяндайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34