АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери базасында жарылыс болып, бес адам жараланды

12.12.2019, 02:59

4

11 желтоқсанда АҚШ-тың Ауғанстандағы ірі авиабазасы Баграм әуежайының маңында бомба қойылған екі көлік жарылып, бес адам жараланды. Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметіне жергілікті шенеуніктер мен НАТО өкілдері хабарлады.

Баграм ауданының губернаторы Абдул Шокур Кудосидің айтуынша, жарылыс Кабулдың солтүстігіндегі Ян Кадам елді мекенінде әуежай маңында болған. Кудосидің айтуынша, жарылыстан кейін қарулы топ қауіпсіздік постына шабуыл жасап, әуежайдың бүлінген дуалы арқылы кешен аумағына кіріп, қауіпсіздік күштерімен атысқан. Оның айтуынша, оқиға орнында атыс әлі жалғасып жатыр.

Әзірге ешбір террористік топ шабуылды мойнына алған жоқ.

Осыған дейін де Ауғанстанда АҚШ және НАТО-ның қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасалған. НАТО-ға қарайтын миссия өкілі «Баграм әуежайындағы шабуыл база маңында тұратын ауғандықтарға көмек көрсету үшін салынып жатқан медициналық мекемеге қарсы бағытталған» деп мәлімдеді.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27