АҚШ-тың бір топ сенаторы Тоқаевтан кәсіпкер Ерімбетовті босатуды сұрады

03.08.2019, 09:00

4

АҚШ сенатының 17 мүшесі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, жеті жылға сотталған кәсіпкер Ескендір Ерімбетовті босатуды сұрады. Хат мәтіні шілденің 29-ы күні америкалық сенатор Марко Рубио парақшасында жарияланды. АҚШ сенаторлары Ерімбетов ісінің «саяси астары барын» айтып, кәсіпкердің тағдырына алаңдаушылық білдірген.

Шамамен екі жарым беттік хатта кәсіпкердің 2017 жылғы қарашада қамауға алынғаны, ұстау мен қамау кезінде оның құқықтары өрескел бұзылғаны, азаптауға ұшырағаны айтылған. Хат авторлары кәсіпкердің ісі "қазақ үкіметінің Әблязовқа (Ақорда билігі сынаушы, қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов — ред.) қарсы ірі кампаниясының бір бөлшегіне ұқсайды" деп топшылаған.

«2018 жылы қазан айында Ерімбетов мырза „алаяқтық“ бабы бойынша жеті жылға сотталды. Алайда Ерімбетовтің тергеушілері оған бірнеше рет егер туысы, заңгер Бота Жәрдемәліні (Бельгиядан саяси баспана алған — хат) Қазақстанға оралып, қазақ үкіметінің оппоненті Мұхтар Әблязовқа қарсы куәлік беруге көндіре алса, онда барлық айыптан құтыласың деп айтқан-мыс. 2017 жылы қараша айында Ерімбетовтің Әблязовпен еш байланысы болмаса да оны Әблязов жетекшілік ететін „ұйымдасқан қылмыстық топқа кірді“ деп айыптады» деп жазылған хатта.

2018 жылы қараша айында БҰҰ-ның күштеп қамау бойынша жұмыс тобы Ерімбетовтің «заңсыз қамалғанын» айтып, оны дереу босатуды талап еткен еді. ​Осы шешімді атап өткен хат авторлары бұған дейін Human Rights Watch, Қазақстандағы азаптауға қарсы коалиция, Open Dialog Foundation, Еуропа кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың да кәсіпкерді қолдап, қазақ билігінен босатуын сұрағанын жазғанын еске салған. ​Хатқа АҚШ-тың 17 сенаторы қол қойған.

2018 жылы қазан айында Алматы соты "қаржы алаяқтығы" бойынша айыпталған Ескендір Ерімбетовті жеті жылға соттады. Ол сотта өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын, істің саяси астары бар деп санайтынын, тергеу кезінде азаптауға ұшырағанын мәлімдеген.

Қарай отырыңыз: Ерімбетов «тергеу кезінде азапталғанын» айтты (18 шілде 2018 жыл).

Ерімбетовтің ісін қараған судья Тәкен Шакиров үкімді оқыған кезде кәсіпкердің «аса ірі көлемде қаржы алғаны толық дәлелденді» деді.

Бұған дейін «Ерімбетов ісінің» жай-жапсарын зерттеген қазақстандық құқық қорғаушылар Ескендір Ерімбетовті елдегі саяси тұтқындар қатарына енгізген.

Ерімбетовтың қарындасы Бота Жәрдемәлі 2009 жылдан бері шетелде тұрып жатқан, Қазақстан билігін сынайтын бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың заңгері болып жұмыс істеген.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58