АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Халықаралық адам құқықтары күніне орай мәлімдеме жасады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Халықаралық адамқұқықтары күніне орай мәлімдеме жасады.
Бұл жөнінде Власть.кзбасылымы хабарлады.
Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер адам құқықтарын қорғаудағы әр адамныңмаңызды рөліжайлы.
«Бүгінгі бытыраңқы әлемде халықтардың бәрі бірдейкелісетін, түрлі мәдениеттер өзінің ажырамайтын бөлігі деп қабылдайтын тақырыпқалмады деп ойлау – оңай іс. Алайда, 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтарыкүні сонау жылдар бұрын адамзат дәл осыған қол жеткізгенін есімізге салады.1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы бір ауыздан барлық адамғабірдей берілген құқықтар жүйесі – Адам құқықтарының жалпыға бірдейдекларациясын (АҚЖБД) қабылдады. Мысалы, азапталмау және қадір-қасиетін қорлайтындайадамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеу, немесе жазаланбау құқығы.Немесе дін мен наным-сенім бостандығына ие болу құқығы. Сөзбостандығы, бейбітжиналыстар және ассоциацияларды құру бостандығы құқығы. Кәсіподақ құру және өзмүдделерін қорғау үшін кәсіподаққа кіру құқығы. Қай елдің азаматы болмасын,әрбір адам АҚЖБД-ға жүгініп, бұл құқықтарды өзіне тумысынан берілген құқықретінде талап ете алады.
АҚЖБД-ның атауындағы «жалпыға бірдей» деген сөз әдейітаңдалып алынған, себебі ол АҚЖБД-ның бүкіл әлемдегі құқықтық дәстүрлердіңтоғысуынан туған консенсустың жемісі екенін көрсетеді. Біз Америка ҚұрамаШтаттарының өкілі Элеонора Рузвельттің АҚЖБД-ның редакциялық комиссиясын басқараотырып, оған әрбір адамға «Жаратушы ажырамас құқықтар берді» деп Тәуелсіздікдекларациямызда жазылған нанымды қосқанын мақтан тұтамыз. Декларацияныңредакторлары – түрлі ұлттық, этникалық және мәдени орта өкілдері мен әр түрлізияткерлік дәстүрлерді ұстанатын адамдар. Мысалы, Рене Кассен – АҚЖБД-ға қосқанүлесі үшін кейіннен Нобель сыйлығына ие болған Францияның Баск аймағының еврейұлтының өкілі. Шарль Малик болса, 1930 жылдары нацистік режимнен қашқанливандық маронит христиан болған. Қытай өкілі Чжан Пэнчунь комиссияға елеуліконфуцийлік ықпал қосты.
АҚЖБД өз азаматтарының құқықтық қамын ойламайтынүкіметтер өздерінің делқұлы мүдделеріне жету үшін әлемді зұлмат қақтығысқабатырудан қымсынбайтынын көрсеткен Екінші дүниежүзілік соғыстың қасыретенін туды. Біріккен Ұлттар Ұйымыныңнегізін қалаушылар адам құқығын құрметтеу арқылы ғана әлемде бейбітшілікорнайтынын түсініп, әрбір ұлт қолданысқа енгізе алатын ортақ құрылым – адамжеке басының абыройы басымдылық екенін мойындайтын құқықтар жүйесін жасапшығаруға бел буды.
Өкінішке орай, қазіргі күні АҚЖБД-да бекітілген адамқұқықтары мен негізгі бостандықтардын әлемнің барлық елі сақтамайтыны жаңалықоқитын кез келген адамға белгілі. Бүгінде адам құқықтарын бұзып жатқан елдердіңкейбіреуі АҚЖБД-ға алғашқылардың бірі болып қол қойып, сол құқықтарды сақтаймыздеп міндеттеме алған елдер қатарында.
2017 жылдың сәуірінен бері Қытай үкіметі бір миллионнанастам ұйғыр мен басқа мұсылман азшылығының өкілін Шыңжан аймағындағы лагерьлергеқамады. Лагерлердегі мәжбүрлеп еңбек еткізу, азаптау және басқа да адамшылыққажатпайтын әрекеттер туралы мәлімдемелер Қытай үкіметінің бұл лагерьлердіңмақсаты білім беру деген тұжырымын жоққа шығарады. Лагерьден тыс халықтың өзіүстінен орнатылған үздіксіз қадағалау жүйелері үшін қандай да бір жеке таңдаумен бостандықтан құр қалып, аспан астындағы түрмеге қамалды.
Иран режимінің сайланбаған Жоғарғы Басшысы аймақтағыхаосты қолдауды Иран халқының өмір жағдайын жақсартудан жоғары қойып отыр. Жүккөлігін жүргізушілер мен мектеп мұғалімдерінің жалғыз жазығы жалақыларын сұрауболатын, соған бола олар қысым астында қалды, ал кейбір баяндамалардыңайтуынша, түрмеге қамалып, азапталып жатыр. Режим өзінің ұзақ жылдар бойғыәйелдерді кемсіту саясатын азайтпады, көпшілік алдында хиджаб кимегені үшінәйелдер 23 жылға дейін сотталуда.
Ресейлік адам құқықтарын қорғау ұйымы «Мемориалдың»ақпаратына сәйкес, Ресейде 315 саяси тұтқын бар, оның 195-і былтырғы жылыұсталған, ал 200-і дін немесе наным-сенім бостандығын қолданғаны үшінайыпталған. Үкімет сөз бостандығы мен Интернет бостандығын шектеуін тыяр емес, алазаматтық қоғам мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым қысымкөрсетіліп, жалған жала жабылып, қоқан-лоқы мен зомбылық жасалып келеді. ШешенРеспубликасында азаптау, адамдардың мәжбүрлі түрде жоғалуы, жаппай адам өлтіріпесеп айырысу сияқты жағдайлар жазасыз қалып жатқаны жайлы айтылады.
1948 жылы АҚЖБД қабылданғаннан бері адам бостандығыжолындағы біз куә болған жеңістердің қасында бұл елдердің кері кетуі тіптіқайран қалдырады. Мысалы, Оңтүстік Африкадағы 1970 жылдардағы апартеидке қарсыкүрес пен 1980-1990 жылдары орнаған бейбітшілік пен татулық кезеңі. Польшаныңжұмыскерлері үкіметтен олардың қудалау немесе кек алу үрейінсіз өмір сүру жәнежұмыс істеу құқықтарын құрметтеуді талап еткен ынтымақтық қозғалысы. Өзқұқықтарын талап ету үшін қорықпай ашық сөйлеген жеке тұлғалардың сансызмысалдары да жетіп жатыр. Олардың ішінде – Гватемалада сексуалдық құлдыққа тапболған бір топ жергілікті әйелдің сотта өз жағдайлары туралы ашық айтып берубатылдығы, Пәкістанда мектепке барғаны үшін ғана Талибан оғының астында қалып,аман қалған Малала Юсафзайдың кейіннен жарақатына, тоқтаусыз қудалауға ұшырауынақарамастан теңдіктің табанды, жігерлі үніне айналуы.
АҚЖБД-ның сан түрлі авторлары олар басып айтқан жалпығабірдей құқықтардың мақсаты ортақ екенін түсінді. Олар әрбір елдің бір-бірініңалдында міндеттері бар екенін түсінді, ол – әрбір адамға берілген адами абыроймен адам құқықтарын қорғау міндеті. Бұл міндет үкіметтердің ғана мойнында емес.Әрбірден кейін, үкіметтердің өзі адамдардан құрылады. Адам құқықтарына жақболып, оны қорғауда әрбір адамның алар орны бар.
Біз оған қалай жете аламыз? Адам құқықтары жайлыбілімімізді тереңдетіп, АҚЖБД кепіл болып табылатын адам құқықтары мен қазіргізаманда әлемдегі адам құқықтарын бұзу жағдайларынан хабардар болу арқылы.Бірігіп құқық бұзушылыққа қарсы тұрып, жауапкершілікке шақыру, сондай-ақ адамқұқықтарын бұзып жатқан мемлекеттерге деген назарды арттырып, адам құқықтарынқұрметтеудегі міндеттемелерін орындауды талап ету арқылы. Біз үкіметтеріміздібасқа елде адам құқықтары бұзылып жатқанда ол жайлы ашық айтуға шақыра аламыз.Әрбір елден АҚЖБД қағидаларын ұстануды талап ете аламыз.
Мен сіздерге Америка Құрама Штаттары мен оның халқы адамқұқықтарын құрметтеу қағидасына әрқашан бекім деп сеніммен айта аламын. Бізадам құқықтарын қорғауда алдыңғы қатардамыз, әрбір американдықтың күнделіктіөмірінде құқығы қалай қорғалса, әлемнің әрбір азаматы өз құқығын дәл солайқолдана алуы үшін күресіп келеміз.
Әрбірден кейін, 1948 жылы ұлттар қауымдастығымәлімдегендей, бұл бостандықтар – әр адамға ортақ, тумысынан берілген құқық.
Фото: Спутник Қазақстан