АҚШ-тың Ресейдегі елшісін Уилан ісі бойынша сотқа кіргізбеді

21.04.2020, 05:41

38

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливан «тыңшылық жасады» деп айыпталған Пол Уиланның жабық сотына тағы да кіргізбегені үшін Ресей билігін сынады.

Бұрынғы теңіз жаяу әскерінің солдаты Пол Уилан 2018 жылы желтоқсанда Мәскеуде тұтқындалған. Тергеу мәліметіне қарағанда, одан Ресейдің мемлекеттік құпия мәліметтері бар флешка «алынған». Уилан соты биыл, 2020 жылы наурызда басталған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды, «саяси астары бар арандату» деп санайды. Оның туыстары Пол Уиланның тойға келгенін айтады. Уиланның АҚШ-тан өзге Канада, Ирландия және Ұлыбритания азаматтығы бар.

АҚШ елшісі Джон Салливан Уилан Ресей түрмесінде медициналық көмексіз қалғанын бірнеше рет мәлімдеп, сотты ашық өткізуді сұраған.

«Америка дауысы» радиосы америкалық инвестор Майкл Калви ісі секілді бұл процесс те Мәскеу мен Вашингтон арасын одан әрі ушықтыра түседі деп есептейді. Уилан кінәсін мойындаған жағдайда 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бұған дейін АҚШ бизнесмені Майкл Калви «Восточный» банкінен екі жарым миллиард рубль жымқырды" деген күдікпен 2019 жылы ақпанда қамауға алынған. Серіктері бұл істі «тапсырыс» деп есептейтінін мәлімдеген. Олардың сөзінше, Калвидің ісі қылмыстық қудалауға жатпайтын шаруашылық таластың бірі.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49