АҚШ және баспасөз қорғау ұйымдары журналиске шабуылды мұқият зерттеуге шақырды

12.01.2020, 02:59

12

АҚШ Қырғызстан билігін жемқорлықты зерттейтін FactCheck.kg сайтының бас редакторы Болот Темировке жасалған шабуылды дереу әрі мұқият зерттеуге шақырды. Бұған дейін баспасөз қорғау ұйымдары да осыған ұқсас мәлімдеме жасаған.

АҚШ-тың Бішкектегі елшілігі 9 қаңтарда Болот Темировке жасалған шабуылды айыптады.

«Журналистер қорықпай еркін жұмыс істей алған жағдайда ғана баспасөз еркін болады» делінген елшілік таратқан мәлімдемеде.

Бейсенбі күні белгісіз біреулер редакцияның кеңсесі маңында журналисті ұрып-соғып, телефонын тартып алған. Темиров Facebook-тағы парақшасында әлдекімдердің өзін "қорқытқысы келетінін" айтты. Оның әріптестерінің бірі «Журналистерді қорғау комитетіне» журналистің тісі сынғанын, шабуылдан соң бетінде ісік пайда болғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Бішкекте FactCheck.kg сайтының бас редакторын ұрып кетті

«Журналистерді қорғау комитеті» Қырғызстан билігін ақпарат құралдарының жемқорлық мәселесін қауіпсіздігіне алаңдамай, еркін зерттей алатындай жағдай жасауға шақырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Арлем Дезир де шабуылды айыптап, «журналистерге қоқан-лоқы жасалмауы тиіс» деді.

Қырғызстан президентінің аппараты шабуылды айыптап, дереу тергеу амалдарын жүргізу қажеттігін айтты.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39