Ақша айырбастау орындары доллар мен еуро сатылымын тоқтатты
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындары доллар мен еуро сатуды тоқтатты.
Kurs.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатылымын тоқтатқан.
Онда долларды 466 теңгеден, еуроны 517 теңгеден сатып алады.

Алматыда доллар мен еуропалық валютаны сатып алуға болады. Бірақ кейбір ақша айырбастаушылар доллар мен еуро сатылымын тоқтатқан. Алматының ақша айырбастау орындарында доллар бағамы сатып алуға 467,3 теңге, еуро — 520-524 теңге. Сату бағамы — долларда 467,5 теңге, еурода 528 теңге.

Бұған дейін еліміздің ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Біз мұны да ескереміз. Бұл жерде теңге бағамын қалай басқаруға болатынын қарастыру керек. Бірақ теңгенің айырбас бағамы рубльге қатысты тым күшейіп кетсе, бұл да 2014 жылғыдай кері әсер етеді. Бәрі қайтадан Ресейден әкелінеді, экспортымыз зардап шегеді. Екінші жағынан, бұл бағаға оң әсер етеді. Яғни, қарапайым тұтынушы үшін жақсы болады. Біз теңгерімді табуымыз керек. Мұны Ұлттық банк реттейді деп ойлаймын», — деген болатын.