Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:18, 23 Тамыз 2022

Ақша айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамы теңесті

None
None

Алматы мен Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамы теңесті.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 478-479 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро үшін де дәл осындай бағам белгіленген, оны 478-491 теңгеге сатып алуға болады.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллардың сатылу бағамы — 476,5-477,5 теңге. Елордада еуро 477-480 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, доллардың 23 тамыздағы ресми бағамы 473,99 теңгеге тең. Ресей рублінің ресми бағамы – 7,94 теңге.

Тегтер: