Ақтау маңында жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Жас Алаш Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам — 1989 жылы туған азамат.
"Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам — 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр", — деді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.
Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам — 1989 жылы туған азамат.
"Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам — 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр", — деді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.
Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты. Оның сөзінше, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан. Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген еді.