Ақтауда алтыншы қабаттан басына диван түскен кеткен ер адам қайтыс болды (видео)
Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан ер адамның басына алтыншы қабатта диван құлаған болатын.
Оның мойын омыртқасы сынып, аурухана түскен. Жәбірленушінің бауыры оның қайтыс болғанын хабарлады. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Туыстарының айтуынша, ол 39 жастағы бауырының қайтыс болғанын 26 тамызда дәрігерлерден білген.
«Германия мен Ресейден мамандарды шақыруға тура келді, өйткені жарақаты ауыр болғасын Қазақстаннан бірде-бір дәрігер қабылдамады. Қайда өтініш жасамадық », — дейді марқұмның туысы.
Туыстары бұл қайғылы оқиғаға кінәлілерді жасырып жатыр деп есептейді.
Еске салайық, 2023 жылдың қаңтар айында Ақтау қаласындағы 11-шағын ауданда No41 үйден өтіп бара жатқан адамның үстіне алтыншы қабаттың терезесінен жиһаз, болжам бойынша ас үй диваны түсіп кеткен болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Ер адам ауруханаға жеткізілді. Қаңтар айының соңында ота жасауға Астанадан дәрігерлер келген.
Кейін аурухана жәбірленушінің жағдайы туралы хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, 39 жастағы ер адам сал болып қалған.
Осы жылдың мамыр айында кінәлілердің табылмағаны айтылды.