Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:37, 20 Маусым 2022

Ақтауда кәсіпорынның су құбырында ірі апат болды (видео)

None
None

19 маусымда кешке Маңғыстаудағы «Қазатомөнеркәсіп» атом электр станциясында құбыр жарылды, деп хабарлайды«Жас Алаш» Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, биіктігі 10 метрге жететін су фонтан тәрізді атқылай жөнелген. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Компания «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3-тегі теңіз суының сол жақ құбырындағы тексеру люгі жарылып кеткенін хабарлады.«Бірінші теңіз құбыры арқылы беру өшірілді, екінші құбыр жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның ауыз су мен электр энергиясын өндіруіне еш шектеу жоқ», – деді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өкілдері.

Тегтер: