09:45, 14 Тамыз 2023
Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады.
Polisia.kz хабарлағандай, тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді «UZI» моделінің пулеметі тәркіленді.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.