Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:14, 05 Желтоқсан 2022

Ақтауда пәтерде жарылыс болды

None
None

Lada.kz сайтының мәліметінше, 27-шағын аудандағы №46 үй тұрғындары түскі уақытта пәтерлердің бірінен гүрсіл естіген.

Қатты жарылыстан терезелер ұшып кеткен.

Куәгерлерінің айтуынша, оқиға салдарынан жарылыс болған пәтерде тұратын ер адам зардап шегіп, қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі ауруханаға 1988 жылы туған ер адамның жеткізілгенін растап, науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

Үй тұрғындары зардап шеккен ер адамның әскери қызметкер екенін, пәтерде отбасымен тұратынын айтты.

Тегтер: