Ақтауда қытайлық мердігер компания жұмысшылары жалақысының жартысын беруді талап етті

05.01.2020, 23:14

4

Бүгін, 5 қаңтарда «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына мердігерлік қызмет көрсететін «М-Техсервис» мекемесінің екі жүзден астам жұмысшысы мекеме ғимаратының алдына жиналып, тиісті жалақыларының 50 пайызын беруді талап етті. Олардың сөзіне қарағанда, жыл басталысымен жұмыс беруші жұмыс көлемі болмағандықтан жұмыстан босатылғандығын хабарлаған.

Машинист Нұрсейіт Құрақбаевтың Азаттыққа айтуынша, компания келесі тендерде жұмыс көлемін алған соң қайта шақыратындарын айтқанымен жұмысшылар оған сенбей отыр. Оның айтуынша, келісім-шартқа сәйкес, жұмыс беруші мұндай жағдайда алатын жалақыларының 50 пайызын беруге тиісті.

— Келесі тендер тек көктемде болады. Ал 220 адам не істеуі керек? Келісім- шарт бойынша жұмыс орындарының сақталуы үшін олар жалақының жартысын төлеуі тиіс. Одан да бас тартып отыр. Егер барлық жұмысшыларды жұмыстан шығарса, олар тиісті мамандары бар мекеме ретінде біздің құжаттарсыз тендерге қалай қатыспақ? — дейді аты-жөнін айтпаған жұмысшылардың бірі.

«М-Техсервис» компаниясындағылар «еңбек келісім-шартының бұзылатынын» растағанымен басқа ештеңе айтпады.

Азаттық тілшісі Маңғыстау облыстық әкімдігіне хабарласқан еді. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Самат Сүлей осы мәселеге орай Ақтауда жиналыс өтіп жатқанын, мәселенің әлі шешілмегенін айтты.

«М-Техсервис» жұмысшылары 5 қаңтарда кешке талаптары орындалмай ешқайда бармайтындарын, кеш батса да күтіп тұрғандарын хабарлады.

«М-Техсервис» — 2003 жылы Ақтөбе қаласында тіркелген қытайлық мекеме. Ол «Маңғыстаумұнайгаз» игеріп жатқан Маңғыстау облысындағы Бозащы және Жетібай кенішіндегі мұнай ұңғымаларын жөндеу бойынша қызмет көрсетеді. Онда 500-ге жуық адам еңбек етеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04