Ақтаулық белсенді Абловас Жұмаевтың "жоғалғаны" хабарланды

06.08.2020, 22:37

24

Ақтаулық белсенді Абловас Жұмаев 5 тамыздан бері хабарсыз. Бұл туралы белсендінің әйелі Айгүл Ақберді хабарлады. Белсенді осыған дейін «алауыздық қоздырды» және «билікті басып алуға шақырды» деп айыпталып, сотталған еді.

Азаматтықтың белсендінің әйелі Айгүл Ақберді күйеуін 5 тамыз күні таңғы сағат 7 шамасынан бері көрмегенін айтады. Ақбердінің сөзінше, ол сол күні полиция өкілдерінің есікті тақылдатқанынан оянған, бірақ оянған сәтте қасында күйеуі болмаған, ал төсекте телефоны жатқан.

– Ол ешқашан ескертусіз кетпейтін. Міне, екінші тәулікке аяқ басты, хабарсызбын. Хабарласпаған жерім жоқ. 102 нөмірі бойынша полицияға қоңырау шалдым, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына хабарластым. Кеше, 5 тамызда кешкі сағат 9 шамасында пробация полицейлері келіп, оның тіркелуге келмегенін, заң бұзғанын хабарлап тұр. Мен мұны қасақана жасалып отырған әрекет деп білемін. Егер екі заңбұзушылық болса, ол колонияға кері қайтарылады. Онсыз да бұған дейін, ақпан айында белсенді Хамбыл Көбейсіновтің сотына қатысқаны үшін 5 тәулікке қамалған, – деді Айгүл Ақберді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті Азаттыққа Абловас Жұмаевтың полиция орындарында жоқ екенін, оны полиция қызметкерлері ұстамағанын хабарлады.

– Егер Айгүл Ақберді күйеуі жоғалды деп санаса, қалалық полицияға келіп арыз жазсын. Бізге адам жоғалғаны туралы арыз әлі түспеді, – деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Ал Айгүл Ақберді мұндай арыздың жазылғанын айтады. Оның сөзінше, 5 тамыз күні үйіне жедел уәкілдер мен учаскелік полиция келген. Ақберді күйеуінің жоғалғаны туралы арызды сол жерде жазғанын айтады.

Абловас Жұмаев 2018 жылы қыркүйекте Қазақстан билігі экстремистік деп таныған, Еуропарламент бейбіт оппозициялық қозғалыс деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауының" (ҚДТ) Тelegram чатындағы пікірі үшін «алауыздық қоздырды» және «билікті басып алуға шақырды» деп үш жыл жылға сотталған. Белсенді 2019 жылы 29 шілдеде мерзімінен бұрын босап шыққан.

Осындай айып белсендінің әйелі Айгүл Ақбердіге де тағылған. 2019 жылы 6 ақпанда Ақтау қалалық соты оны ісінде "қылмыс құрамы жоқ" деп тауып, ақтаған. Шешіммен келіспеген прокуратура үкімнің күшін жоюды талап еткен. Кейін сот Ақбердиеваның ісін қайта қарау үшін алғашқы инстанцияға жібергенімен, оны кері сотқа шақырмаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39