Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:22, 23 Желтоқсан 2021

Ақтөбе әкімі екі облыстық газетті далада қалдырмақ...

None
None

Ақтөбеде екі облыстық газетті баспалар ғимаратынан шығарып жатыр. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков өзінің телеграмм каналында жазды: 

"Қайырлы таң, әсіресе Ақтөбе облысының әкімі Оразалин мырза!

Ақтөбелік әріптестерім екі облыстық газетті осыдан 3 жыл бұрын сол кезде облыс басшысының міндетін атқарушы Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде орналастырған ғимараттан қуып жатқанын жазып жатыр. Оның үстіне бұл газеттер облыс әкімдігінің жұмысын белсенді түрде жариялап тұрады, бірақ Оңдасын Оразалин неге екені белгісіз, өзінен бұрынғы басшының "қателігін түзету керекпін" деп шешіпті. Өкінішті, өте өкінішті. Оразалин мырза, әкімдікке қатысты БАҚ-ты бағалау керек. Тек солар ғана шенеуніктердің қызметінен жақсылық табуға тырысады. Ал сіз оларды қажетсіз кадр секілді қуып жатырсыз. Ғимарат басқа біреуге керек болды ғой, мен дұрыс түсіндім бе?". 

Тегтер: