Ақтөбе көшеге жарымай тұр

01.11.2019, 21:19

3

Еліміздің төртінші мегаполисі атануға үмітті Ақтөбекөшелерінің жартысына жуығына асфальт төселмеген. Бюджетте жол салуғаақшасы жоқ билік бұл мәселені  инвесторлардыңкөмегімен шешпекші екен. Жергіліктішенеуніктер алдағы үш жылда Ақтөбеніңкөшелерінің  жүз пайызы жасалады дейді. Қазір құны 12 миллиард теңге болатынқырық жоба дайындап та қойыпты.

«Қаламыздыңортасындағы Түрксіб деп аталатын көшеге өмірі асфальттөселмеген. Суылғи жиналады. Күз бен көктемде адам түгілі көліктердің жүруі қиын», — дейді қала тұрғыныЕрназар ҚОНАҚБАЕВ.

Тұрғындар жол салып беруді өтініп, әкімдікке үнемі  арызданатындарын айтады. Шенділер тек құрғақ уәдемен ғана шығарып салады екен.

«Балаларымызбатпақтапжүреді. Машиналар да келмейді. Біздің өтінеріміз – жол. 35 жылдан бері осылай.Отырмыз, қайтеміз енді? Еш жерден жәрдем жоқ», — дейді қаланың тағы бір тұрғыны Фариза ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА.

Жұрт іскер әкім деп мақтайтынБердібек САПАРБАЕВ Ақтөбе огблысын төрт жыл басқарған тұста да бұл проблемашешілген жоқ. Енді Ондасын ОРАЗАЛИН бастаған шенеуніктер құны 12 млрд теңгеболатын жобалар арқылы көшелерді жөндемек.

«Осы қаланың көшелерін үш жылдың ішінде толық жүз пайызбітіруге талаптанып жатырмыз. Бірақбарлығы айналып келгенде қаржыға тіреледі. «Жомарттың қолын жоқтық байлайды».  Бәріқаражатқа тірелетінін  білесіздер. Біздіңжоспар сырттан инсвестор тарту.Олар өз қаражаттарына жасап береді. Біз ГЧП приципі бойынша 5-7 жылдаесептесетін жағдай жасауымыз керек», —  деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр АБДУЛЛИН.

 Жергілікті биліктіңмәліметінше, Ақтөбе қаласы аумағындағы жолдардың ұзындығы 651 шақырым. Оныңжартысына жуығында ғана асфальт –бетон жамылғысы бар. Биыл 4 миллард 200миллион теңгеге 33 шақырым жол жөнделген.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04