Ақтөбе облыстық соты белсенді Молдиннің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

18.03.2020, 21:49

11

Ақтөбе облыстық соты 1 наурызда көшеден кетіп бара жатқан жерінен ұсталып, он күнге қамалған белсенді Әлібек Молдиннің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады. «Полиция талабына бағынбады» деп айыпталған Молдин облыстық соттан бірінші инстанциядағы сот шешімінің күшін жоюды сұраған еді. Ол «жазықсыз қамалдым» деп санайды.

— 17 наурыз күні Ақтөбе облыстық соты шағымымды қанағаттандырмай тастады. Полиция мені әйеліммен бірге қонаққа кетіп бара жатқан жерімнен ұстаған болатын. Облыстық сот та, алғашқы инстанция да сөзіме құлақ аспады. Карантиннің сылтауымен маған қолдау көрсетуге келген белсенділерді сот залына кіргізбеді, — дейді Әлібек Молдин Азаттық тілшісіне.

Әлібек Молдинге қатысты 1 наурыз күнгі әкімшілік сот қаулысы өзгеріссіз қалғанын Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі де растады.

Соттың мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасағандықтан Молдин 1 наурызда он тәулікке қамалған.

Белсенді Молдин 2016 жылғы жер митингілері, 2019 жылы биліктен әділ сайлау өткізуді талап еткен наразылық шараларына, Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акцияларға қатысқан. Былтыр ол «бейбіт митинг өткізу заңын бұзды» деп төрт рет әкімшілік жауапқа тартылған.

Оқи отырыңыз: Төрт әкімшілік қамау, үш қылмыстық іс. Әлібек Молдиннің соты

Бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында митинг өткізуге оқталып, астанадағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған Дулат Ағаділдің өлімін ашық тергеуді талап етпек болған. Алайда митинг қарсаңында және содан кейін полиция ондаған адамды ұстап, кейбіріне айыппұл салды, кейбірін қамады, кейбіріне ескерту берді.

<a href=«www.azattyq.org/a/kazakhstan-protest-1-march/30462347.html» title="«Соқыр мылқау танымас тірі жанды». 1 наурыздағы шеруде полиция жұртты қалай ұстады? "> <img src=«gdb.rferl.org/844012C3-2E7A-4E5A-A0C2-B4F44ABBABEC_w250_r1_s.jpg» alt="«Соқыр мылқау танымас тірі жанды». 1 наурыздағы шеруде полиция жұртты қалай ұстады? "> <img data-src=«gdb.rferl.org/844012C3-2E7A-4E5A-A0C2-B4F44ABBABEC_w250_r1_s.jpg» alt="«Соқыр мылқау танымас тірі жанды». 1 наурыздағы шеруде полиция жұртты қалай ұстады? "> Фотогалерея

«Соқыр мылқау танымас тірі жанды». 1 наурыздағы шеруде полиция жұртты қалай ұстады?

<div data-lbox-gallery-item-src=«gdb.rferl.org/4C8A55A5-8E50-4DB4-AC20-0FE2CAFB9179_w1024_q10_s.jpg» data-lbox-gallery-item-title=«Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған соң елде билікке қарсы наразылық күшейді. Біраз белсенді биліктің "Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды" дегеніне сенбейді. Белсендінің өліміне билікті айыптайтындар да бар. 

 »> Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16