Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:23, 22 Тамыз 2022

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

None
None

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 5 адам қаза тапты, хабарлайды Жас Алаш.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты Покровка – Жаңажол автожолының 54-шақырымында болған.

«Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған. Жол-көлік апаты салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел мен үш жолаушы (оның ішінде бір бала бар) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды», — делінген ПД хабарламасында.

Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер: