08:33, 13 Ақпан 2023
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қамауға алынды
Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік әзірге 2 айға қамалды, деп хабарлайды Жас Алаш Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғы шенеунікке Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінде көзделген «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» деген күдік тағылды. 10 ақпанда Ақтөбенің мамандандырылған арнайы соты Ермек Имантаевқа қатысты «8 сәуірге дейін қамауға алынсын» деген шешімін шығарды.
Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болып, 2019-2021 жылдары «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған. Басқа да лауазымды қызметтер атқарды.