Ақтөбе төңірегіндегі жол апатынан бес адам ауруханаға түсіп, біреуі қаза болған

30.12.2019, 20:59

50

29 желтоқсанда Ақтөбе қаласына таяу маңдағы жол апатынан бір адам қаза болып, төрт адам жарақаттанған. Бұл ақпаратты "Қазавтожол" кәсіпорнының баспасөз қызметкері Маржан Ордабай хабарлады.

Екі жеңіл көлік жексенбіде Ақтөбе – Мәртөк – Орынбор трассасында, Ақтөбе қаласынан 33 км қашықта соғысқан. Әзірге мәлім ақпараттар Lada жеңіл көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, BMW жеңіл көлігімен бетпе-бет соғысқан. Соққыдан Lada сайға аударылып, өртенген.

Өртенге көліктегі бес адам — Өзбекстан азаматтары деген ақпарат бар. Олар мәшине өртенбей тұрып, шығып үлгерген. Бесеуі де түрлі жарақатпен ауруханаға түсіп, біреуі қайтыс болған. Баспасөз хатшысының хабарлауынша, BMW көлігінде Түркияның екі азаматы болған, олар ауруханаға жатудан бас тартқан.

«Ақтөбе қаласынан Мәртөк кентіне бет алған, ішінде Қазақстанның екі азаматы бар тағы бір мәшине BMW мен Lada соқтығысынан қашып, сайға түсіп кеткен. Оларға зақым келмеген» деп хабарлайды Маржан Ордабай.

Еуродақ статистикасы бойынша, Қазақстан әлемдегі жол апаты ең көп болатын бес елдің қатарына кіреді.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16