Ақтөбеде 20 оқушы ұстазымен бірге уланып қалды

23.04.2019, 04:53

14

Ақтөбеде бір мектептің оқушылары ұстаздарымен бірге астан уланды. 20 бала мен олардың мұғалімі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Барлығы қаладағы №9 гимназияның асханасынан ас ішкендерін айтқан. Қазір 19 оқушыны үйден емдеуге ата-аналары алып кетсе, екеуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Бір қызығы, бұл жағдайдан білім ошағының басшылары бейхабар болып шықты.

«Қолымызда ешқандай қорытынды жоқ. Не айтамын қазір? Дым айта алмаймын. СЭС ешқандай қорытынды берген жоқ. Уланды деген қорытынды шығарып берген жоқ», —  дейді аталған білім ошағының әлеуметтік педагогы Элеонора ТӨЛЕГЕНОВА.

Қазір мектептежаппай астан улануға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астан ұшынғанбалалардың барлығы бастауыш сыныптың оқушылары. Мектеп асханасынан тамақ жепболған соң, ертіп барған апайларынан бастап барлығының жүрегі айныған.Араларында ыстығы көтерілгендері де бар. Дәрігерлер оларға жұқпалы ішек ауруыдеген диагноз қойыпты. Оқушылардың гимназия асханасынан уланғанын санитармамандар да растап отыр. Қазір асхананы жауып тастаған.

«Мектептің асханасына жоспардан тыс тексеру аштық. Тексеру барысында жеке кәсіпкер Наурызбаев осы жылдың үшінші сәуірінен бастап санитарлық эпидемиялогиялық қорытындысыз жұмыс істеп жатқаны белгілі болды», — дейді Ақтөбе қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айсәуле ОРАЛБАЕВА.

Мамандармектептің асханасында тазалықтың мүлдем болмағанын, ыдыс-аяқ дұрыс жуылмай,тіпті азық-түлікке дейін қалай болса солай сақталғанын айтып отыр.

Фото: mirtesen.ru

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39