Ақтөбеде "ағашты заңсыз отаған" компанияға 4 млн теңгеге жуық айыппұл салды

22.01.2020, 21:00

21

Ақтөбе соты "өзендер арнасын тазарту кезінде Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесіп, табиғатқа залал келтірген" мердігер компания жетекшісіне 4 млн теңгеге жуық айыппұл салды. Сот үкімі 22 қаңтарда №2 Ақтөбе қалалық сотында оқылды.

Тергеу материалдарына қарағанда, 2019 жылғы қаңтар-ақпан айлары аралығында «Берекелді» компаниясы Ақтөбедегі Бұтақ өзені жағалауынан 37 түп күміс түстес терек пен бір түп қара қандыағашты кесіп тастаған.

«Бұл – сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген ағаштар. Нұредин Усипов жетекшілік ететін „Берекелді“ компаниясы өзен арнасын тазарту кезінде табиғатқа 348 мың теңге залал келтірді. Компания жұмысшылары сирек кездесетін ағаштарды Нұредин Усиповтің нұсқауымен кескен» делінген айыптау актісінде.

Тергеу орындары 64 жастағы Нұредин Усиповті «ағаштарды заңсыз кесті», "Қызыл кітапқа енген ағаштарды отады" деп айыптаған болатын. Судья Жанас Қуанышевтың сөзіне қарағанда, Усипов өзіне тағылған айыппен келісіп, жасы келген, науқас адам екенін айтқан. Ол Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесіне келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Шығын алдын-ала өтелгендіктен сот 22 қаңтар күні шағымданушы тараптың арызын қанағаттандырмауға үкім етті. Сот үкіміне сай «Берекелді» компаниясының жетекшісі Нұредин Усипов 1500 АЕК-ке тең (3 млн 976 мың 500 теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Айыпталушы Усипов пен оның адвокаты үкімге қатысты пікір айтпады.

Сотталушы Нұредин Усипов – Түркістан облысының тумасы. Ол жетекшілік ететін мердігер компанияға 2019 жылдың қаңтар айында Ақтөбедегі Бұтақ өзенінің арнасын тазарту тапсырылған. Ұзындығы 5 шақырым 150 метр болатын өзеннің арнасын кеңейтіп, табанын қоқыстан тазалау жұмыстары экология жанашырларының наразылығынан соң 2019 жылғы маусым айында тоқтап қалды. Өзендер арнасын тазартумен «Берекелді» компаниясынан өзге тағы үш серіктестік айналысқан.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде «ағашты заңсыз отаған» компанияның үстінен сот басталды

Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше, экологиялық заңнамалардың бұзылуына байланысты тергеу әлі толық аяқталмаған. «Тергеу мүддесіне қайшы» деген прокуратура сотқа тағы қанша істің жіберілетіні жайлы, табиғатқа келген шығынның жалпы мөлшері туралы түсініктеме бермеді.

Тамызда Ақтөбе облыстық прокуратурасы «Экологиялық заңнамалардың бұзылуына орай жеті қылмыстық іс қозғалды, оның бесеуі мердігер компанияларға қатысты. Табиғатқа келген шығын мөлшері 6 млн теңгеден астам» деп мәлімдеген.

Ақтөбе қаласы әкімдігі 2017 жылғы су тасқынынан соң сегіз өзеннің арнасын кеңейтіп, табанын қоқыстан тазалау туралы шешім қабылдаған. Әкімдік бұл жұмысты төрт мердігер компанияға тапсырған. 8 өзеннің арнасын тазартуға «Жол картасы» бойынша 6,7 миллиард теңге бөлінгені айтылған.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42