Ақтөбеде ақшаларын қайтара алмай жүрген үлескерлер прокуратурадан көмек сұрады

19.08.2020, 19:46

5

19 тамызда Ақтөбеде бір топ тұрғын облыс прокуратурасына барып, шағымдарын айтты. Наразылардың сөзіне қарағанда, WestHouse.kz тұтыну кооперативі 29 адамның 60 млн теңгеден астам қаржысын екі жылдан бері қайтармай жүр.

– Сот маусым айында «WestHouse.kz үлескерлер қарызын қайтарсын» деп үкім етті. Кооператив жетекшісі Жадыра Садықова небәрі 4 жыл 8 айға сотталды. Біз үкіммен келіспей, апелляциялық алқаға шағымданғанбыз. Апелляциялық алқа шағымымызды қанағаттандырмай тастады. Осы аралықта Садықованың өз адамдары кооперативтің мүлкін талан-таражға салып жатыр. Ақшамыз қайтпай қалады ма деп алаңдаймыз. Біз прокуратурадан заңның орындалуын, құқымыздың қорғалуын талап етеміз, – дейді үлескерлердің бірі Нұрлыайым Досмұхамбетова.

Үлескерлердің бірі Гүлмира Сейсенбаева прокуратураға «WestHouse.kz кооперативінің мүлкіне арест қойылсын» деген талап айта келген. Сейсенбаева осыған дейін қала прокуратурасына шағымданғанын, нәтиже болмағанын айтады.

– Қала прокуратурасы WestHouse.kz тұтыну кооперативінің қызметін тоқтатамыз деген болатын. Бірақ кооператив бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр. Бар үмітіміз облыс прокуратурасында, – дейді Гүлмира Сейсенбаева.

Құқықтарының қорғалуын сұрап, прокуратураға келген үлескерлермен Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Баян Әлішева кездесті.

– Бұлай жиналудың қажеті жоқ. Қазір карантин уақыты. Қала прокуратурасына арызданған болсаңыздар, оны көтереміз, қараймыз. Сосын адвокаттарыңыз арқылы хабар береміз, – деді наразылардан тарауды сұраған Баян Әлішева.

Үлескерлер наразылығын полиция сырттай бақылап тұрды. Форма кимеген бірнеше адам видеоға түсіріп жүрді.

Азаттық жетекшісі маусым айында «алаяқтық» бабымен сотталып кеткен WestHouse.kz тұтыну кооперативімен байланыса алмады. Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, Садықованың ісіне қатысты апелляциялық шағымды облыстық сот 11 тамыз күні қараған.

– Сот үкіміне сай, Жадыра Садықова жәбірленушілерге 60 млн 885 мың теңгені қайтаруы тиіс. Сотталушыға үкімді өз еркімен орындау үшін 15 тәулік берілді. Өз еркімен орындамаған жағдайда 26 тамыздан бастап бұл іспен сот орындаушылары айналысады, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соты.

Жәбірленушілердің сөзінше, WestHouse.kz тұтыну кооперативі тұрғындармен жылжымайтын және жылжитын мүлікті үстеме ақысыз 15 жыл бөліп төлеу туралы шарт жасасқан. Ол үшін үй алушылар пәтер ақысының – 29 пайызын, көлік алушылар 43 пайызын бірден төлеуі тиіс болған. Мүліктік жарнасын төлеп, кооперативке мүше болғандар 2 жылдан бері қаржыларын қайтара алмай жүр.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43