Ақтөбеде "бала зорлады" деп айыпталған ер адам 23 жылға сотталды

27.03.2020, 18:17

10

Ақтөбеде «9 жастағы қыз баланы зорлады» деп айыпталған Санжар Құрманов 23 жылға сотталды. Бұл үкімді Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық соты 27 наурыз күні шығарды.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, қаулы күшіне енсе, сотталушы жәбірленуші тарапқа 5 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

21 жастағы Санжар Құрмановқа Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі («Зорлау») мен 121 бабының 4-бөлігі («Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау») бойынша айып таққан. Прокурор соттан оны өмірлік түрме жазасына кесуді сұраған.

Жәбірленушінің ата-анасы да айыпталушыға ең ауыр жаза тағайындауды сұраған. Сот Құрмановтың бұрын сотталмағанын, жас екенін ескеріп, 23 жылдық түрме жазасын кесті.

Азаттық тілшісі жәбірленуші тараптан үкімге қатысты пікірін сұраған болатын. Баланың туыстары жауап беруден бас тартты.

Бұл оқиға 2019 жылы 12 желтоқсанда болған. Пәтердің есігін қағып, әжетханаға кіріп шыққысы келетінін айтқан ер адам 9 жастағы балаға зорлық көрсеткен. Бала бұл кезде үйде жалғыз болған. Ес-түссіз жатқан қызын үйіне түстенуге келген әкесі көріп, полиция шақыртады. Күдікті 6 күннен кейін ұсталды.

Өткен жылдың соңында Қазақстан президенті зорлау қылмысын жасағандарға жазаны қатайту туралы заңға қол қойған. Оған сәйкес, зорлау қылмысы ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына ауыстырылған. Бұрын жәбірленуші тараппен өзара татуласқан жағдайда айыпталушыны жауапкершіліктен босататын ереже заңнан алынып тасталды.

Ал кәмелет жасына толмаған балаларға қарсы жасалған сексуалдық сипаттағы іс-әрекет аса ауыр қылмыс түріне жатқызылып, қылмысы дәлелденген адамды 20 жылға немесе өмір бойы бостандығынан айыру жазасы енгізілген.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27