Ақтөбеде белсенді Әлібек Молдин 15 күнге қамалды

08.11.2019, 14:00

4

7 қарашада Ақтөбенің әкімшілік соты жергілікті белсенді Әлібек Молдинді 15 тәулікке қамады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың мәліметінше, Әлібек Молдин Қазақстандағы "Қытай жобаларына қарсы митингіге" шыққаны үшін — бес тәулік, «полицияға бағынбағаны үшін» он тәулік әкімшілік жазаға тартылып, барлығы 15 тәулікке қамалған. Сот құжатында Молдиннің 3 қыркүйекте Ақтөбеде жергілікті әкімдік ғимаратының алдында "Қытай экспансиясына жол жоқ" деген жазуы бар плакат ұстап, 'Қазақтар, ояныңдар" деп айқайлағаны, 7 қарашада полицияның «заңды талабына бағынбағаны» жазылған.

Молдиннің қамалғанын оның әйелі Жадыра Нұғыманова да растап отыр. Нұғыманованың сөзінше, полиция Әлібек Молдинді 7 қараша күні таңғы сағат 7-де оқушы қызын мектепке шығарып салып тұрған жерінен ұстап әкеткен.

— Күйеуіме төрт адам жабылып, көліктеріне күшпен отырғызған. Басында оны білген жоқпыз. Кідірген соң алаңдай бастадым. Мектепке барып, аурухана мен полицияға хабарластым. Полициядағылар «күйеуіңіз Зауыт полиция бөлімінде, сәлден соң әкімшілік сотқа апарады» деді. Сол сотта күні бойы ас-сусыз жүріп, үйіме кешкі 8-де келіп отырмын. «Полицияға бағынбады» деп отырғандары қып-қызыл жала. Төрт адам алды-артына қаратпай алып кетсе, ол қай кезде қарсылық көрсетеді? — дейді Жадыра Нұғыманова.

Осыдан бір апта бұрын Әлібек Молдиннің үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі ("Қорлау" бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған. 7 қараша күні түстен кейін Ақтөбе қалалық соты Әлібек Молдинге қатысты осы қылмыстық істі қарай бастауы тиіс еді. Бірақ сот отырысы басталған кезде адвокат Сейсенбай Ділманов Молдиннің әкімшілік сотта екенін, өзінің науқастанып тұрғанын айтып, істі кейінге қалдыруды өтінді. Тараптар келісімімен сот Әлібек Молдинге қатысты қылмыстық істі қарауды кейінге қалдырды.

Сотқа Молдиннің үстінен көп балалы сегіз ана шағым түсірген. Жәбірленушілердің бірі Жанар Құлмамбетова «Молдин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында көп балалы аналарды тілдеді» дейді. Сот залында белсенді Молдиннің жақтастары да болды. Олар «бұл тапсырыспен ұйымдастырылған іс» деп санайды. Сот басталмас бұрын тараптар сөзге де келіп қалды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39