Ақтөбеде белсендінің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

29.03.2020, 15:14

3

Ақтөбеде белсенді Аманбике Хайрулланың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабымен (Қылмыстық кодекстің 105-бабы) қылмыстық іс қозғалған. Сенбіден бері марқұмның туыстары мен таныстары полицияның сауалдарына жауап бере бастаған.

Аманбике Хайрулла өлер алдында Facebook парақшасында қалдырған жазбада есімі аталған жергілікті белсенділерді де (төрт әйел) полиция шақыртқан. Солардың бірі Азаттыққа «Полицияға тергеу барысындағы мәліметтерді жарияламаймын қолхат бердім. Сондықтан ештеңе айта алмаймын» деді.

Полицияның хабарлауынша, белсенді Аманбике Хайрулланың мәйіті Ақтөбенің 312-ші атқыштар дивизиясы көшесіндегі «Волга» гараж кооперативінің территориясынан табылған. Бұл Ақтөбенің шеткері аудандарының бірі. Бірнеше сараптама тағайындалғанын айтқан полиция Азаттықтың «мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар ма? », «кісі өлімінің алдын ала себептері айтылды ма?» деген сауалдарына жауап бермеді.

Жергілікті белсенді Бақытжан Құрманов полицияның Аманбике Хайрулланы ағашқа асылып тұрған жерінен тапқанын айтады. Белсендінің сөзінше, Аманбике қайтыс болардан бір ай бұрын телефонына оны қорқытып-үркіткен хабарламалар келе бастаған. Аманбике Хайрулла полицияға шағым түсірген.

Марқұм Аманбике Хайрулла 33 жаста болған. Үш баласы бар жесір әйел. Ол Ақтөбеде өткен Қытай зауыттарына қарсы наразылыққа, саяси тұтқындарды босату талабы айтылған наразылық акцияларына, билікке қарсы бейбіт митингілерге қатысқан. Оның күйеуі осыдан үш жыл бұрын жол апатынан көз жұмған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34