Ақтөбеде белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

01.11.2019, 08:00

46

Ақтөбеде белсенді Әлібек Молдиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Белсендінің айтуынша, 31 қазан күні кешке Ақтөбе қалалық сотының маманы қылмыстық іс қозғалғанын телефонмен хабарлаған.

— Менің үстімнен ҚР Қылмыстық қодексіндегі 131-баптың 2-бөлігі («Қорлау» бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Сот кабинетіндегі мәліметтерге қарағанда, шағымданушы — әйел адам. Аты-жөніне қарап тани алмадым. Меніңше, бұл азаматтық ұстанымымды, белсенділігімді ұнатпайтын биліктің маған қарсы ойлап тапқан кезекті амалы, — дейді Әлібек Молдин.

Белсенді Әлібек Молдиннің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын Ақтөбе полициясы да растады. Бұған дейін әлеуметтік желіде Молдиннің үстінен «полиция қызметкері арыз түсіргені» жайлы хабарлама тараған. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Молдиннің үстінен шағымданған полиция қызметкері емес, қарапайым қала тұрғыны» деді Ақтөбе полициясының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық соты Молдинге қатысты қылмыстық іс өндіріске түскенін айтты. Бірақ әзірге соттың қашан басталатыны белгісіз.

Молдиннің айтуынша, соңғы 1,5 жылда оның үстінен үш рет әкімшілік іс қозғалып, үш рет қамауға алынған. Уақытша тергеу изоляторына алғашында бір тәулікке қамалған Молдин кейінірек — үш тәулікке, соңғы рет бес тәулікке қамалған.

«Бір қызығы, осы әкімшілік істердің бәрі митингілер қарсаңында қозғалып, митингілер қарсаңында қамалдым» дейді Молдин.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04