Ақтөбеде билік карантинге жабылатын подъезді шатастырып алған

06.05.2020, 22:53

12

Ақтөбенің «Батыс-2» ауданындағы бес қабатты үйді карантинге жапқан кезде билік подьездерді шатастырып алған. Осылайша ондаған отбасы екі тәулік бойы карантинде қамалып отырғанын айтады.

Кондоминиум өкілі Шара Қанымқұлдың сөзінше, «Батыс-2» ауданындағы подьезд карантинге 2 мамыр күні жабылған, ал тұрғындар екі күн бойы биліктен карантинге қатысты жауап ала алмаған.

— Індет шықты деген соң жұрт жылап-еңіреп жан-жаққа звондады. Нұсқау берген кім, подьезді жапқан кім екенін ешкім білмейді. Бір-біріне сілтейді. Сөйтсек, коронавирус бізге қарсы беттегі подьезден шыққан екен. Жұрт бостан-босқа екі күн қамалып отырды, — дейді Шара Қанымқұл.

Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті карантинге жабылған подъездің шатасқанын растап, «бұл – полицияның қателігі» деп отыр. Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті Азаттыққа «қателік қай тараптан кеткені тексеріліп жатыр» деп хабарлады.

Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева қателік бірер сағатта жойылып, тұрғыны коронавирус жұқтырған подьезд залалсыздандырылғанын айтады. Бірақ тұрғындар бұл сөзді жоққа шығарып «подъезіміз екі тәулік бойы жабық тұрды» дейді.

Ресми дерек бойынша, Ақтөбеде тұрғындары коронавирус жұқтырған 50 подьезд, 22 жеке үй карантинге жабылған. Ақтөбе облысында 6 мамырдағы дерек бойынша, 168 адамға вирус жұғып, 34 адам дерттен айықты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27