16.07.2019, 00:02
69
БүгінАқтөбеде көпбалалы аналар облыстық әкімдікті басып кірді. Сөздерінше биліктіңкөп балалы отбасыларға үйіп төккен уәдесі әлі күнге ауызбен ғана айтылыпкеледі. Ашынған аналар бес айдан бері әкімдіктен баспана сұрап, табалдырығынтоздырып болдық дейді. Тек ақ қағазға арыз жаздыруды ғана білетін шенділер бес айдан бері не мәселемізді шешпейді, не баспана бермейді депотыр.
Облыс әкімініздеп келен елуге жуық көп балалы аналардың басты талабы баспана менбастарындағы несиелерін жабу. Бес айдан бері әкімдікке том-томдап арыз жазып,алақан жайып көмек сұрап жүргендер осы күнге дейін биліктің аналар алдындаберген бір де бір уәдесін орындаған емес деп отыр.
«Ақпананбері жүгірген аналардың біреуінің шаруасы біткен жоқ. Ішінде бір екіадамға үй береді. Сонымен бітіріп жатырмыз дейді. Әкімшіліктегі адамдардыңбітіріп жатқандары сол бір екі адамға үй беру ма? Қалған аналар сонда қаңғыпжүре бере ме? Осылай келе берген аналарды тағы да қорқытады, арттарыңда балаларың бардеп. Балаларымызға құдай жар болсын. Балаларымызбен бізді қорқытпасын. Қорқа-қорқа біз батыр болғананалармыз. Қазақстанның байлығы бәрімізге жетеді», — дейді көп балалы ана Миуа БЕКБОЛСЫНОВА.
«Бізге үй мәселесі мен кредит жөнінде шешіп береміз деп айтқандарына қаншауақыт болды? Сол қарастырылсын. Болмаса осылай келе береміз. Бітіретіншаруалары жоқ. Келсек мазақ қылып шығарып салады. Айтатындары бір сөз. Бәріарыз жаздырып алады. Басқа ешнәрсе жоқ», — дейді бес баланың анасы Жанар ӘБДІРАЗАҚОВА.
Алайда ашынып келген аналарды облыс әкіміемес, қаланың жаңадан тағайындалған басшысы қабылдады. Ертеңнен бастапәрқайсысының мәселесін жеке қарауды ұйғарған әкім арнайы комиссия құрамын, басбасыңа баспана беремін деп уәде етті.
«Ертеңнен бастап сол жұмысшы тобы құрылады. Міне, нац банк айтып отыр,бізден түсінік беретін адамдар бар. Сол жерде сіздердің арыздарыңызды жеке дарақабылдап, бүкіл жағдайларыңызды түсіндіріп айтасыздар. Сол бойынша сіздергетолық мағлұмат беріледі. Біз сіздерге қаржыландыру мәселесін шешеміз. Бастапқыжарнасын он пайыз көлемінде қалалық әкімдік мойнына алып отыр. Біз тауыпбереміз. Үй дайын тұр», — деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр АБДУЛЛИН.
Баспанаменқатар бас көтерген аналар биліктен мойындарындағы несиелерін де жауып берудіталап етті. Үкімет әр көп балалы отбасыға банк алдындағы қарыздарын өтеу үшін300 000 теңге бөлуді деойластырыпты. Алайда әзірге тек жоба ретінде қаралып жатқан құжаттың талаптарына қашан нақты қол қойылатыны да белгісіз екен.
Фото автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР