Ақтөбеде коронавирус жұққан үшінші науқас Египеттен келген

31.03.2020, 09:57

46

Коронавирус жұқтырған үшінші ақтөбелік 20 наурыз күні Алматы арқылы Египеттен ұшып келген. Өз үйінде карантинде болған тұрғынның тоғызыншы тәулікте дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырған.

Науқастың анасы, онымен бірге 20 наурыз күні Алматы — Ақтөбе бағытымен ұшып келген жолаушылардың бәрі оқшауланған. Бұл туралы 31 наурыз күнгі онлайн брифинг кезінде Ақтөбе облысындағы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты.

— Науқас еш жерде жұмыс істемейді, орта жастағы ер адам. Ол қазір инфекциялық ауруханадағы арнайы бокста. Жағдайы тұрақты. Алматыдан ұшып келген күні оның анализдерінен вирус табылған жоқ. Вирус тоғызыншы тәулікте белгі берген, — дейді Нұрсұлу Беркімбаева.

Осыған дейін Ақтөбеде Испания мен Түркиядан ұшып келген екі тұрғыннан коронавирус табылған болатын. Нұрсұлу Беркімбаева үш науқастың да жағдайы тұрақты екенін айтты.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36